18 сағат бұрын
«Бәйтерек» монументінің авторы «Манчестер Юнайтедке» жаңа стадион салады

«Манчестер Юнайтед» футбол клубының қожайындары 100 мың жанкүйерге арналған жаңа стадион салуды жоспарлап отыр.
Бұл туралы ағылшындық The Athletic басылымы хабарлады.
Дереккөздің мәліметінше, жаңа аренаның жобасын Норман Фостер әзірлейді. Ол бұған дейін елордадағы «Бәйтерек» монументінің сәулет жобасын жасаған.
Жоспарға сәйкес, стадион құрылысы 2030 жылы аяқталады. Жобаға 2,4 миллиард еуро инвестиция құйылмақ.
