7 сағат бұрын

Активтерді қайтару: Астанадағы жаңа стадион биыл іске қосылады

Активтерді қайтару: Астанадағы жаңа стадион биыл іске қосылады

Фото: ҚР Үкіметі

Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік маңызды инфрақұрылым салу жобаларын жүзеге асыруда. Астанадағы Қ. Мұңайтпасов атындағы ескі стадионның орнына жаңасын салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 17,3 млрд теңге қаражат бөлу туралы шешім қабылданды. 

Бұл жөнінде Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Қ. Мұңайтпасов атындағы орталық стадион 1936 жылы салынған. Қазіргі таңда ескі ғимарат жарамсыз болғандықтан толығымен бөлшектелген. Жаңа стадионның құрылысы 2025 жылдың соңында аяқталады деп жоспарланып отыр. 

Спорт нысаны қозғалыс мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған орындарды қоса алғанда, 3598 орынға есептелген. Стадион UEFA халықаралық стандарттарына сай салынады. Құрылыс аяқталғаннан кейін нысанды Астана қаласы әкімдігінің №8 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің балансына беру жоспарланып отыр. 

Жаңа стадион оқу-жаттығу жиындары үшін қолданысқа беріледі. Оны пайдалануға берілуі оқу-жаттығу үдерісін жақсартуға, спортшыларды дайындауға оңтайлы жағдай жасауға және олардың нәтиже көрсету мүмкіндігін арттыруға септігін тигізеді.

Бүгінде түрлі өңірлерде әлеуметтік маңызы бар 16 нысан салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 82 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Атап айтқанда, 1 музыкалық мектепті қоса алғанда 7 мектеп, 2 спорт кешені, көпсалалы аурухана кешені, облыстық жедел жәрдем стансасы, Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, жатақхана және 2 балабақша бар. Сонымен қатар қаражат Қызылорда облысындағы Арал ауданында сумен жабдықтау жүйелерін салуға және жаңғырту жұмыстарына бағытталды.

Қазақстан құрамасы оқу-жаттығу жиынын бастады

Футбол 3 сағат бұрын

Қазақстан құрамасы оқу-жаттығу жиынын бастады

Волейбол: «Қуаныш» Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды

Басқа 4 сағат бұрын

Волейбол: «Қуаныш» Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды

Александр Шевченко Челленджер турнирінде жеңіліс тапты

Теннис 4 сағат бұрын

Александр Шевченко Челленджер турнирінде жеңіліс тапты

Кержаков: «Қайраттың» басшылығы бапкерлік жұмысыма көп араласты

Футбол 5 сағат бұрын

Кержаков: «Қайраттың» басшылығы бапкерлік жұмысыма көп араласты

Михаил Кукушкин Челленджер турниріне жолдама алды

Теннис 5 сағат бұрын

Михаил Кукушкин Челленджер турниріне жолдама алды

Елена Рыбакина 17 жасар теннисшіге жеңіліп қалды

Теннис 5 сағат бұрын

Елена Рыбакина 17 жасар теннисшіге жеңіліп қалды