12.03.2025

Марадона өлімі: Медициналық көмек «жеткіліксіз әрі жауапсыз» деп бағаланды

Марадона өлімі: Медициналық көмек «жеткіліксіз әрі жауапсыз» деп бағаланды

Фото: These football times

Аргентина футболының аңызы Диего Марадона қайтыс болар алдында оған қараған медицина қызметкерлерінің жетеуінің ісі сейсенбі күні сотта қаралады.

Оларға салғырттық танытып, әйгілі футболшының өліміне себепкер болды деген айып тағылып отыр.

Бұл іс байқаусызда кісі өлтіру бабы бойынша тергеліп жатыр.

2020 жылдың 25 қарашасында 60 жасында дүниеден өткен Марадона бұған дейін миында қан ұйығын алып тастау үшін ота жасатқан болатын. Сондай-ақ, ол ішімдік пен есірткіге тәуелділіктен ем қабылдағаны да белгілі.

Футболшы қайтыс болғаннан кейін прокуратура медицина қызметкерлеріне қатысты тергеу бастады. 2021 жылы сарапшылардан құралған комиссия Марадонаға көрсетілген медициналық көмекті «жеткіліксіз әрі жауапсыз» деп бағалап, оның тиісті емдеу мекемесінде дұрыс күтім жасалған жағдайда аман қалу мүмкіндігі болғанын мәлімдеді.

Аталған іс бойынша Марадонаның жеке дәрігері, нейрохирург Леопольдо Луке, оның психиатры және бірнеше медбике күдікке ілінді. Олар өздеріне тағылған айыпты жоққа шығарып отыр. Егер сот олардың кінәсін дәлелдесе, дәрігерлер 8 жылдан 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Диего Марадона — футболдан әлем чемпионы (1986). Көптеген басылымдардың нұсқасы бойынша ХХ ғасырдың үздік ойыншысы. Аргентина футболы тарихындағы ең үздік ойыншы.

Фаниль Рафиков ресейлік Мариф Пираевты қапы қалдырды

Бокс

Фаниль Рафиков ресейлік Мариф Пираевты қапы қалдырды

Әбиба Әбужақынова – әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Дзюдо 9 сағат бұрын

Әбиба Әбужақынова – әлем чемпионатының күміс жүлдегері

 Мағжан Шамшадин әлем чемпионатында жарысты аяқтады

Дзюдо 11 сағат бұрын

 Мағжан Шамшадин әлем чемпионатында жарысты аяқтады

Әбиба Әбужақынова дзюдодан әлем чемпионатының фмналына шықты

Дзюдо 11 сағат бұрын

Әбиба Әбужақынова дзюдодан әлем чемпионатының фмналына шықты

Әбиба Әбужақынова әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Дзюдо 12 сағат бұрын

Әбиба Әбужақынова әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Әбиба Әбужақынова мен Мағжан Шамшадин ширек финалда күреседі

Дзюдо 13 сағат бұрын

Әбиба Әбужақынова мен Мағжан Шамшадин ширек финалда күреседі