6 сағат бұрын

Португалиялық маман Қазақстан футбол федерациясында қызметке тағайындалды

Португалиялық маман Қазақстан футбол федерациясында қызметке тағайындалды

Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Нуну Алешандре Паррейра де Каштру – ҚФФ Төрешілік және инспекциялау департаментінің жаңа директоры.

Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы мәлім етті.

ҚФФ Төрешілік және инспекциялау департаментінің директоры қызметіне 52 жастағы португалиялық маман Нуну Алешандре Паррейра де Каштру тағайындалды.

Де Каштру – Еуропадағы төрешілік саласының жетекші мамандарының бірі.

34 жылдық мансабында ол Португалия футбол федерациясы мен Бельгия футбол қауымдастығында маңызды қызметтер атқарды. Атап айтқанда, төрешілер департаментін басқарып, төрешілерді тағайындау, әкімшілік басқару және VAR жүйесін енгізу жұмыстарын қадағалады.

Сонымен қатар, Португалия футбол федерациясының Төрешілер академиясының техникалық директоры ретінде төрешілерді дайындаудың кешенді жүйесін әзірлеп, заманауи оқыту әдістерін, онлайн бағдарламаларды және төрешілік шеберлікті дамытуға бағытталған CORE жобасын іске қосты.

Халықаралық деңгейде УЕФА-мен тығыз жұмыс істеген ол CORE бағдарламасының нұсқаушысы болып, жетекші турнирлерде төрешілердің жұмысын қадағалап, Англия, Ирландия, Украина және Швециядағы төрешілік жүйесінің дамуына үлес қосты. CORE бағдарламасының тәлімгері ретінде ол Бенуа Бастьен, Гленн Нюберг секілді жоғары деңгейлі төрешілерді дайындады.

Инспектор ретінде 170-тен астам халықаралық матчта және УЕФА сарапшысы ретінде 100-ден аса ойында  жұмыс істеген.

Қазіргі уақытта ол УЕФА-ның инспекторы әрі техникалық бақылаушысы, сондай-ақ УЕФА төрешілік конвенциясы комитеті және УЕФА төрешілер корпусының мүшесі.

Азия ойындарының жүлдегері әлем кубогында сәтсіздікке ұшырады

Басқа 2 сағат бұрын

Азия ойындарының жүлдегері әлем кубогында сәтсіздікке ұшырады

Волейбол: «Жетісу» 9 дүркін ел чемпионы атанды

Басқа 2 сағат бұрын

Волейбол: «Жетісу» 9 дүркін ел чемпионы атанды

Ұлттық құрама неге жеңіліске ұшырады: Кака футзалдағы басты мәселелерді атады

Футзал 2 сағат бұрын

Ұлттық құрама неге жеңіліске ұшырады: Кака футзалдағы басты мәселелерді атады

Усик пен Дюбуаның айқасы қайда өтетіні анықталды

Бокс 3 сағат бұрын

Усик пен Дюбуаның айқасы қайда өтетіні анықталды

Ризабек үздіктердің қатарында емес: Күрестен әлемдік рейтинг жаңарды

Күрес 3 сағат бұрын

Ризабек үздіктердің қатарында емес: Күрестен әлемдік рейтинг жаңарды

Фристайл-акробатикадан әлем кубогында кімге үміт артамыз?

Басқа 3 сағат бұрын

Фристайл-акробатикадан әлем кубогында кімге үміт артамыз?