13.03.2025
Дастан Сәтпаев алғашқы голын соқты: Ұлттық құрама жайлы тың ақпарат шықты

«ЖаркOFF» телеграм арнасының мәлімдеуінше, 12 наурызда Қазақстан ұлттық футбол құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне дайындық аясында Швецияның екінші дивизионында көш бастап тұрған командалардың бірімен жолдастық матч өткізген.
Жабық өткен кездесуде Қазақстан құрамасы 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Ең қызығы, гол авторлары – ең тәжірибелі және ең жас ойыншылар болды:
- Серікжан Мужиков
- Дастан Сатпаев
Ал кездесудің үздік ойыншысы, куәгерлердің айтуынша, «Оқжетпес» клубының өкілі Алияр Мұхамед атанды.
