6 сағат бұрын
Футболдан Қазақстан жастар құрамасы кімдер шақыру алды

Фото: ҚФФ
Футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасының алдағы екі жолдастық кездесуге қатысатын құрамы жарияланды.
Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясы мәлім етті.
Бас бапкер міндетін уақытша атқарушы Денис Мамоновтың басшылығымен олар 16-26 наурыз аралығында Алматы қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Жолдастық кездесуде қарсыластар кейіннен анықталады.
Айта кетейік, Қазақстан U-21 құрамасы биыл 2027 жылғы жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңін бастайды. Жастарымыз D тобында Англия, Ирландия, Словакия, Молдова және Андорра құрамаларына қарсы ойнайды.
Қазақстан 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы
Қақпашылар: Санжар Ерниязов («Атырау»), Мирас Рихард («Ертіс»);
Қорғаушылар: Сұлтан Аскаров («Жетісу»), Санжар Әнуаров («Астана»), Юсуф Саидалиев («Атырау»), Али Тұрганов («Онтүстік»), Саламат Жұмабеков («Оқжетпес»), Жандос Өмірзақов («Тараз»), Темірлан Мұрзағалиев («Қайсар»), Рамазан Каримов («Жетісу»);
Жартылай қорғаушылар: Абинур Нұрымбет («Тұран»), Ілияс Әбіл («Жил Висенте», Португалия), Дархан Бердібек («Ақтөбе»), Бейбіт Ғалым («Тобыл»), Нұралы Жақсылық («Астана»), Мұхаммед Еңсебаев («Сеута Б», Испания), Мирас Оматай («Жетісу»);
Шабуылшылар: Артем Литош («Хан тәңірі»), Глеб Валгушев («Қызылжар»), Ян Труфанов («Атырау»), Мағжан Тоқтыбай («Оңтүстік»), Ерасыл Сәрсенбай («Тұран»).
