5 сағат бұрын
«Қайраттың» футболшысы Грузия құрамасына төрт жылдан кейін шақыру алды

Фото: «Қайрат» футбол командасы
Алматылық «Қайрат» командасының жартылай қорғаушысы Георги Зариа Грузия құрамасына шақырту алды.
27 жастағы жартылай қорғаушы өз құрамасының УЕФА Ұлттар лигасының В лигасында қалу құқығы үшін өтетін плей-офф матчтарына қатысуы мүмкін.
Грузиялық футболшылар 20 және 23 наурыз күндері Армения құрамасымен шеберлік байқасады.
Айта кетейік, соңғы рет ол Грузия құрамасына 2021 жылдың қыркүйек айында шақырту алған еді.
