10 сағат бұрын
Бақтиер Зайнутдинов алдағы екі ойынға қатыса ма?

Фото: Қазақстан футбол федерациясы
2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясындағы Қазақстан құрамасы Уэльс пен Лихтенштейнге қарсы екі кездесуге дайындыққа қатыса алмайтын ойыншылар белгілі болды.
Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, Рамазан Кәрімов пен Роман Асранкулов жарақатына байланысты оқу-жаттығу жиынына қатыспайтын болды.
Ал Бақтиер Зайнутдиновтің де жарақаты бар. Алайда ол қатарға 17 наурызда қосылып, қосымша медициналық қаралымнан өтеді. Қаралымның қорытындысы бойынша алдағы ойындарға қатысу-қатыспауы туралы шешім қабылданады.
Ел құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде J тобында ойын көрсетеді. Қарсыластары - Бельгмя, Уэльс, Солтүстік Македония және Лихтенштейн.
Матчтар 2025 жылдың наурызында басталып, қараша айында аяқталады.
Еске салсақ, Қазақстан құрамасы 22 наурызда сырт алаңда Уэльспен кездессе, 25 наурызда Лихтенштейнге қарсы ойнайды.
