20 сағат бұрын
Ғабит Сыздықбеков: Асхат Тағыберген қазір ойнай алмайды да, кетпейді де...

Фото: «Ордабасы» ФК
Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыбергеннің «Ордабасы» клубындағы жалақысы белгілі болды.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтың айтуынша, Тағыбергеннің бір айлығы 20 миллион теңгені құрайды.
«Командада орта есеппен 15 млн теңге айлық алып отырған және екі жылға келісімшартқа қол қойған ойыншылар бар. Оның барлығы UEFA-ға тіркеліп қойған. Егер келісімді бұзсақ, жалақыларын соңына дейін өтеуге мәжбүр боламыз. Ештеңе істей алмаймыз. Ашығын айтқанда, Асхат Тағыберген қазір ойнай алмайды да, кетпейді де… 20 миллионнан алып отыр. Мен ештеңе істей алмаймын…», – деді Ғабит Сыздықбеков.
Бұл сөздер әкімнің халықпен кездесуінде айтылды. Толық видеоны Kungei.kz парақшасынан көре аласыздар.
Айта кетейік, Асхат Тағыберген Қазақстан Премьер-лигасының осы маусымында 2 ойында алаңға шығып, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.
