5 сағат бұрын
Ауыр жарақат: Ғафуржан Сүйімбаев мансабын аяқтады

2025 жылдың қаңтар айында «Ертіс» клубына ауысуға шешім қабылдаған Ғафуржан Сүйімбаев маусым басталмай жатып, мансабын аяқтауға шешім қабылдады.
34 жастағы футболшының бұл шешіміне буын жарақаты алуы әсер етті.
Ғафуржан бұған дейін «Ордабасы», «Қайрат» сынды еліміздің атақты футбол клубтарында ғана доп теуіп қана қоймай, ұлттық құрама сапында 42 матч өткізген.
Ол 2016 жылы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Дания, 2018 жылы Ұлттар лигасы аясында Латвия, 2019 жылы ЕУРО-2020 турнирінің іріктеу кезеңінде Сан-Марино қақпасына екі гол соққан.
