5 сағат бұрын
Шымкентте «Ордабасы» клубының жаңа базасы бой көтереді

Фото: Match KZ
Шымкент қаласында жергілікті «Ордабасы» футбол клубының жаңа, заманауи базасы тұрғызылады.
Клуб басшылығының мәліметінше жобаны жүзеге асыруға кәсіпкерлер инвестиция құяды.
Жаңа кешен Бадам суқоймасының маңына құрылады. Жоспарға сәйкес, базада қонақүй, жаттығу алаңдары, табиғи көгал мен жасанды төсеніш төселген екі алаң болады.
Айта кетейік, қазіргі уақытта «Ордабасы» футболшылары БИИК клубының базасында жаттығып жүр. Жаңа инфрақұрылым командаға қолайлы жағдай жасап, оның дамуына серпін беруі тиіс.
Бұл жобаның іргетасы қашан қаланатыны әлі белгісіз.
