4 сағат бұрын

Қазақстан құрамасының ойыншылары әлем чемпионаты үшін оразаларын қаза қылады

Қазақстан құрамасының ойыншылары әлем чемпионаты үшін оразаларын қаза қылады

Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Қазақстан құрамасының ораза ұстаған ойыншылары 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясындағы матчтарда уақытша аузын ашады.

Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы Tengri Sport тілшісіне берген сұхбатында мәлімдеді.

— UEFA мен FIFA регламентіне сәйкес, матч кезінде ауызашар үшін үзіліс ұйымдастыру қарастырылмаған. Алайда бұл мәселе, матч алдындағы жиында талқылануы мүмкін. Бастысы — футболшылардың физикалық дайындығы мен ойын сапасы. Сол себепті құраманың ораза ұстаған ойыншылары матч күні ауыздарын уақытша ашады,— деді ҚФФ.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Уэльс, Лихтенштейн, Солтүстік Македония және Бельгия командаларымен бірге J тобына түсті.

Ұлттық құрама іріктеу кезеңін 23 наурыз күні сырт алаңда Уэльске қарсы ойынмен бастайды. Үш күннен соң Лихтенштейнмен кездесеміз. Екі ойын да сырт алаңда өтеді.

Қазақстанда биыл  9 футбол алаңы жаңартылады

Футбол 1 сағат бұрын

Қазақстанда биыл  9 футбол алаңы жаңартылады

Америкалық боксшы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды

Бокс 2 сағат бұрын

Америкалық боксшы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды

Әлем чемпионаты: Қазақстан мен Уэльс кездесуі қай телеарнадан көрсетіледі

Футбол 3 сағат бұрын

Әлем чемпионаты: Қазақстан мен Уэльс кездесуі қай телеарнадан көрсетіледі

Таеквондодан ел чемпионаты аяқталды: Қай облыстың жеткіншектері топ жарды?

Басқа 3 сағат бұрын

Таеквондодан ел чемпионаты аяқталды: Қай облыстың жеткіншектері топ жарды?

Қазақстандық футбол функционері Абдукодир Хусановқа «Гелендваген» көлігін сыйлады

Футбол 3 сағат бұрын

Қазақстандық футбол функционері Абдукодир Хусановқа «Гелендваген» көлігін сыйлады

Азия чемпиондар лигасы: Криштиану Роналдудың клубы 1/4 финалда кіммен ойнайды?

Күрес 4 сағат бұрын

Азия чемпиондар лигасы: Криштиану Роналдудың клубы 1/4 финалда кіммен ойнайды?