3 сағат бұрын
Қазақстандық футбол функционері Абдукодир Хусановқа «Гелендваген» көлігін сыйлады

Фото: championat.com
Қазақстандық футбол функционері Ұлықбек Асанбаев қазір Англияның «Манчестер Сити» ойнайтын өзбекстандық қорғаушы Абдукодир Хусановқа керемет сыйлық жасады.
Ұлықбек Асанбаев Орта Азия футболшылары арасынан Тұманды Альбионда доп тебуге мүмкіндік алған тұңғыш футболшы ретінде бағаланған Абдукодир Хусановқа Mercedes-Benz G-Class көлігін сыйға тартты.
- Өзбекстаннан талантты шыққан талантты футболшы ретінде саған сыйлық жасауды дұрыс көріп отырмыз. Сен оған лайықсың, - деді Ұлықбек Асанбаев.
Ұлықбек Асанбаев 1979 жылы Қазақстанда дүниеге келген. Футболш мансабында қазақстандық және Өзбекстанның «Пахтакор» клубында доп тепті. 2006-2008 жылдарда Қазақстан ұлттық құрамасында ойын көрсетті.
Ал Абдукодир Хусанов 2004 жылы Ташкент қаласында туған. 2020-2021 жылдарда өзбекстандық «Бунедкор» командасының жастар құрамында болды. 2022 жылы Беларусьтің «Энергетик-БГУ» клубына ауысса, 2023 жылдан бері Францияның «Ланс» клубында доп тепті.
Футболдан Өзбекстан құрамасы 2026 жылғы әлем іріктеу сатысында 20 наурызда өз алаңында Қырғызстанды қабылдаса, 25 наурызда сырт алаңда Иранмен шеберлік байқасады.
Ұлттық құрама алты ойыннан кейін 13 ұпаймен А тобында екінші орында келеді.
