4 сағат бұрын
Әлем чемпионаты: Қазақстан мен Уэльс кездесуі қай телеарнадан көрсетіледі

Фото: ҚФФ
Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу сатысындағы Қазақстан мен Уэльс кездесуі қай телеарнадан көрсетілетіні белгілі болды.
Бұл ойын наурыздың 22-нен 23-не қараған түні қазақстандық уақытпен 00:45-те «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Кездесу Уэльс астанасы – Кардифф қаласында болады.
Ел құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде J тобында ойын көрсетеді.
Қарсыластары — Бельгия, Уэльс, Солтүстік Македония және Лихтенштейн.
Матчтар 2025 жылдың наурызында басталып, қараша айында аяқталады.
Айта кетсек, Қазақстан құрамасы 22 наурызда сырт алаңда Уэльспен кездессе, 25 наурызда Лихтенштейнге қарсы ойнайды.
