3 сағат бұрын
Бақтиер Зайнутдинов Әлем чемпионатына іріктеу ойындарына қатыспайды

Фото: Қазақстан футбол федерациясы
Қазақстан құрамасының ойыншысы Бақтиер Зайнутдинов Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында өтетін алдағы ойындарға қатыса алмайды.
Медициналық тексерістің нәтижесінде, Зайнутдиновтың алдағы екі ойында командаға көмектесе алмайтыны белгілі болды. Отандасымызды бұрыннан бері мазалап келе жатқан жарақаты ойнатқызбады.
Енді жартылай қорғаушы Ыстамбұлға аттанып, сол жерде емін жалғастырады.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Уэльс, Лихтенштейн, Солтүстік Македония және Бельгия командаларымен бірге J тобына түсті.
Ұлттық құрама іріктеу кезеңін 23 наурыз күні сырт алаңда Уэльске қарсы ойынмен бастайды. Үш күннен соң Лихтенштейнмен кездесеміз. Екі ойын да сырт алаңда өтеді.
