4 сағат бұрын
Абат Айымбетовтың клубы Түркия чемпионатынан «ұшып» кетті

Фото: instagram/aimbetov9507
Қазақстандық футболшы Абат Айымбетов доп тебетін «Аданадемирспор» клубы чемпионаттың аяқталуына 10 тур қалғанда бірінші лигаға түсіп қалды.
Қазіргі таңда клуб -2 ұпаймен турнир кестесінде соңғы орында келеді.
Енді біріншіліктің қалған матчтарының бәрін жеңсе де, «Аданадемирспор» қауіпті аймақтан шыға алмайды.
Еске салсақ, отандасымыз Абат Айымбетов аданалық клубтың намысын өткен жылдан бері қорғап келеді.
