4 сағат бұрын
«Қайсар» клубы: Асхат Тағыбергенның сағын сындырмайық

Фото: «Қайсар» футбол клубы
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков халықпен кездесуінде «Ордабасы» клубының жартылай қорғаушысы Асхат Тағыбергеннің бір айлығы 20 миллион теңгені құрайтынын, соған қарамастан жоғары деңгейде ойын көрсете алмай жүргенін айтқан еді.
Бұған байланысты жанкүйерлер пікірі екіге айырылды. Олардың бірі Асхатты жақтаса, енді бірі оның жоғары жалақы алуын артық екенін айтады.
«Командада орта есеппен 15 млн теңге айлық алып отырған және екі жылға келісімшартқа қол қойған ойыншылар бар. Оның барлығы UEFA-ға тіркеліп қойған. Егер келісімді бұзсақ, жалақыларын соңына дейін өтеуге мәжбүр боламыз. Ештеңе істей алмаймыз. Ашығын айтқанда, Асхат Тағыберген қазір ойнай алмайды да, кетпейді де… 20 миллионнан алып отыр. Мен ештеңе істей алмаймы», – деді Ғабит Сыздықбеков.
Осыған байланысты Асхатты футболшы есебінде тәрбиелеп шығарған «Қайсар» командасы өз түлегіне қолдау білдірді.
- «Қайсар» футбол клубының түлегі, ел мақтанышы Асхат Тағыбергенның қазақ футболындағы рөлін біз айтпасақта футбол жанкүйерлері жақсы біледі. Бір ғасырдан аса тарихы бар отандық аладоптың қазіргі таңдағы локомотивы Асхаттың жасыл алаңдағы еңбегі орасан зор. Сондықтан алып-қашпа әңгімелерге бей-жай қарамай ел мақтанышына қолдау білдіреміз. «Болар елдің баласы бірін бірі батыр» демекші қазақтың тектілігін көрсетіп, фанаттарға қуаныш сыйлайтын Асхатқа демеу болуға шақырамыз! Қазақ футболын төрге сүйреп жүрген Асхат Тағыбергенның рухын сындырмайық, - деп жазылған хабарламада.
