3 сағат бұрын
Қазақстандық жасөспірім қыздар Эстониямен тең түсті

Фото: ҚФФ
Футболдан Қазақстан 17 жасқа дейінгі жасөспірім қыздар құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынында Эстониямен тең түсті, деп хабарлайды Sport12kz.
Қездесу барысында эстониялық Грете Гросс 8-минутта есеп ашқан еді. Одан кейін қазақстандық Данагүл Ахметжан 21, Ару Ермағамбетова 31-минутта екі гол соғып, өз құрамасын алға шығарды.
Ал 52-минутта эстониялық Елизавета Юзанинова соққан гол қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша қос қарсылас 2:2 есебіне қанағат білдіріп тарасты.
Енді қазақстандық футболшылар алдағы ойынын 20 наурызда Солтүстік Ирландияға қарсы өткізеді.
