6 сағат бұрын
Бактиер Зайнутдинов «Бешикташтан» кетуі мүмкін

Фото: Sports.kz
Түркиялық «Бешикташ» командасының президенті Сердал Адали бас бапкер Оле Гуннар Сульшерден футболшылар жайында толыққанды есеп сұрады.
Бас бапкер аталған сауалдың жауабын «Галатасараймен» кездесуден кейін айтатынын жария етті. Командадан кетуге үміткерлер қатарында сегіз футболшы енгізілген. Олардың қатарында Бактиер Зайнутдинов те бар.
Бактиер Зайнутдинов «Бешикташ» клубымен 2023 жылдың 18 тамызында келісімшартқа қол қойған болатын. Ол 2027 жылдың 30 маусымына дейін аталған клуб сапында ойнай алады.
Бактиер Зайнутдинов 1998 жылдың 2 сәуірінде дүниеге келген. Бұған дейін қазақстандық «Тараз», «Астана» футбол клубтарында, Ресейдің «Ростов» және ЦСКА командаларында доп тепті.
