8 сағат бұрын
Абат Айымбетов ұлттық құрамаға қосылды

Фото: dzen.ru
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамсының Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына шабуылшы Абат Айымбетов қосылды.
Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясы мәлім етті.
Айта кетсек, бұдан бұрын Бақтиер Зайнутдинов құраманың алдағы екі ойынына қатыса алмайтыны белгілі болды.
Сондай-ақ ұлттық құрамаға Максим Самородов, Стас Покатилов, Нұралы Әліп, Георгий Жуков, Рамазан Оразов пен Ғалымжан Кенжебек қосылған.
Ал Дінмұхамед Қараман өз клубына оралды. Ал Дулат Талыспаев пен Давид Есімбеков Алматыда жиын өткізіп жатқан Қазақстан U-21 құрамасына қосылды.
