6 сағат бұрын
Футболдан Қазақстан кубогы іріктеу сатысы финалына қай командалар шықты

Фото: culture.ru
Футболдан Қазақстан кубогы іріктеу кезеңінің финалына шыққан барлық команда анықталды.
Жарыстың аталған сатысындағы жеңімпаз команда бір ойынның нәтижесімен аяқталды.
Жартылай финалда 18 наурызда алматылық «Хан тәңірі» Жамбыл облысының «Таласын» 2:0,
Павлодар облысының «Екібастұзы» өскемендік «Алтайды» 1:0 есебімен жеңді.
Бүгін, 19 наурызда ақтаулық «Каспий» алматылық AKAS командасын 1:0, павлодарлық «Каспий» астаналық «SD Family» клубын 2:1 есебімен тізе бүктірді.
Енді финалда 23 наурызда «Хан тәңірі» мен «Екібастұз», «Каспий» мен «Ертіс» шеберлік байқасады.
Финалда жеңімпаз атанған командалар Қазақстан кубогының 1/8 финалына жолдама алады. жарыстың аталған сатысындағы ойындар 12 және 13 сәуір күндері өткізіледі.
