7 сағат бұрын
Павел Колмаков әлем чемпионатында тоғызыншы орын алды

Фото: Дене шынықтыру және спорт комитеті
Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Павел Колмаков Санкт-Мориц қаласында (Швейцария) өтіп жатқан әлем чемпионатында жекелей сында 9-шы орынға тұрақтады.
Бұл жөнінде Дене шынықтыру және спорт комитеті мәлім етті.
Өзге де қазақстандық спортшылар - Антон Бондарев 25-ші, Максим Емельянов 29-шы, Федор Бугаков 30-шы сатыдан көрінді.
Енді ертең отандастарымыз паралель могул бәсекесінде қатысатын болады.
