7 сағат бұрын
Максим Самородовтың нарықтағы құны өсті

Фото: «Ахмат» ФК
Футболшылардың нарықтағы бағасы туралы ақпарат тарататын танымал неміс порталы Transfermarkt Максим Самордовтың құнын жаңартты.
Дереккөздің ақпаратына сүйенсек, отандасымыздың бағасы 600 мың еуроға қымбаттаған. Қазір Самородовтың бағасы 1,8 миллион еуроны құрайды.
Айта кетейік, Максим Самородов осы маусымда грозныйлық ұжым сапында 22 матчқа қатысып, 5 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген.
