6 сағат бұрын
Асхат Тағыберген қай жаста мансабын аяқтағысы келетінін айтты

Фото: «Ордабасы» ФК
Футболдан Қазақстан құрамасы мен шымкенттік «Ордабасы» командасының капитаны Асхат Тағыберген қай жаста мансабын аяқтағысы келетінін айтты.
- Футболшының мансабына өзіне байланысты деп ойлаймын. Мәселен, Самат Смаков 40 жасқа дейін ойнады. Қазір Криштиану Роналду сол жаста жоғары деңгейде футбол көрсетіп келеді. Мен 37-38 жасқа дейін мансабымды жалғастырғым келеді, - деді ол.
Айта кетсек, бұдан бұрын Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Асхат Тағыбергеннің бір айлығы 20 миллион теңгені құрайтынын айтты.
- Ашығын айтқанда, Асхат Тағыберген қазір ойнай алмайды да, кетпейді де… 20 миллионнан алып отыр. Мен ештеңе істей алмаймын, - деді ол.
