23.03.2025
Бүгін футзалдан Қазақстан кубогының финалы өтеді

Фото: Қазақстан футзал қауымдастығы
Бүгін, 23 наурызда футзалдан Қазақстан кубогы финалында алматылық «Қайрат» пен «Семей» командалары кездеседі.
Аталған ойын елорда уақытымен 18:55-те басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Жартылай финалда «Қайрат» Рудныйдың «Аят» командасын 3:0, «Семей» «Ақтөбені» 5:2 есебімен жеңді.
2024 жылы екі команда Қазақстан кубогы финалында шеберлік байқасқан еді. Ол жолы алматылық клуб жеңіс тұғырына көтерілді.
Қазақстан кубогы 1996 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Содан бері «Қайрат» он тоғыз мәрте кубокты төбесіне көтерсе, олардан басқа қарағандылық «Тұлпар», ақтаулық «Мұнайшы», «Ақтөбе» және өзге клубтар жеңімпаз болды.
