23.03.2025
«Каспий»,«Хан тәңірі»: Қазақстан 1/8 финалында кімдер сынға түседі?

Фото: Футболдан Қазақстан кәсіби лигасы
Футболдан Қазақстан кубогы іріктеу кезеңі арқылы 1/8 финалына шыққан екі команда анықталды.
Бүгін, 23 маусымда ақтаулық «Каспий» мен павлодарлық «Ертіс» кезедсті. Бұл ойында ақтаулық командадан Мирас Тұрлыбек 6, Бақдәулет Көңлімқос 42, 63-минутта мергендік танытты.
Осылайша қарсыласын 3:0 есебімен тізе бүктірген «Каспий» 1/8 финалға жолдама алды.
Ал 22 наурызда алматылық «Хан тәңірі» Павлодар облысының «Екібастұзын» 2:1 есебімен жеңген осындай мүмкіндік ие болды.
Енді 1/8 финалда 12 сәуірде «Қызылжар» (Петропавл) мен «Қайсар» (Қызылорда), «Ұлытау» (Жезқазған) мен «Елімай» (Семей), «Хан тәңірі» (Алматы) мен «Ордабасы» (Шымкент), «Қайрат» (Алматы) пен «Каспий» (Ақтау) командалары жасыл алаңға шығады.
Сондай-ақ 13 сәуірде «Тұран» (Түркістан) мен «Атырау», «Тобыл» (Қостанай) мен «Жетісу» (Талдықорған), «Жеңіс» (Астана) мен «Ақтөбе», «Оқжетпес» пен «Астана» шеберлік байқасады.
