3 күн бұрын

ҚФФ президентінің кеңесшісі қазақ футболына сын айтқан журналистке жауап берді

ҚФФ президентінің кеңесшісі қазақ футболына сын айтқан журналистке жауап берді

Фото: ҚФФ

Қазақстан футбол федерациясының кеңесшісі, белгілі тележурналист Нұрсұлтан Құрман әлеуметтік желіде жарияланған журналист Аслан Қаженовтің жазбасына орай жауап берді.

- Спорт журналистикасында өзім сыйлайтын Аслан Қаженов бауырымның әлеуметтік желідегі жазбасына орай жауап бере кетуді жөн көріп отырмын. Алдымен ұлттық құрама неге чартерлік рейспен ұшады деген сауалға келелік. Бұл - ФИФА, УЕФА тарапынан регламент. Регламентке сай барлық талап орындалуы керек. Аталған ұйымдар қаржыны сол үшін бөледі. Бір ойыннан екіншісіне үлгерсін деген мақсаты бар. Әрбір елдің ішкі чемпионатының күнтізбесі бар. Соған сай ойыншы ұлттық құрамадан кейін командасына жылдам оралуы керек, - деді Нұрсұлтан Құрман. 

Ол неге футболға ақша көп бөлінетіні жөнінде ой-пікірін білдірді. 

- Әлемде стадионда 30-40 мыңға дейін жанкүйер футболды тамашалай алады. Осыған байланысты демеушілер футболға қаржы құюды дұрыс көреді. Осындай үлкен көлемде жанкүйер тарта алатын спорт түріне де олар барады деп ойлаймын. 
Үшіншіден, Дастан Сәтпаевты әріптестері мойындамайды дегене келелік. Керісінше, оны әріптестері мойындайды. Ол он алты жасында ұлттық құраманың негізгі құрамында алаңа шықты. Әли Әлиев оған мүмкіндік берді. Нұралы Әліп капитан ретінде шықты. Футболшылар барлық пасты Дастанға жеткізуге тырысты. Бұл жерде Дастан Сәтпаевты көру мақсат болды. Жанкүйерлер оны негізгі құрамда шыққанын күтті. Бас бапкер халық көкейінде жүргенін дөп басты, - деп ойын жалғады ол. 

Сондай-ақ ол Асхат Тағыберген негізгі құрамда шықпағанын айтты.

- Бапкерлер тарапынан бірінші ойынға сараптама жасалды. Оған байланысты жанкүйерлер тарапынан хейт кетті. Біз Асхатты қолдаймыз. Онымен бірге ұшып келдік. Асхатқа жағдайға түсіндірді. Оған психологиялық қолдау көрсетілді. Оны негізгі құрамда емес, екінші таймда шығарды. Лихтенштейнге қарсы Әли Әлиев барлық тәуекелге барды. Барлық жасты ойнатты. "Жастар ойнасын, көрсін, білсін" деп. Сондықтан оны да ескерген жөн. Жастар болашақта қалай ойнайтынына назар аударған жөн. Біз оны осы ойыннан түсіне берсек болады. Елімізде чемпионат енді басталды. Басқа елдерде, Еуропада чемпионат бел ортасына келді. Сондықтан біздің команда әлі қалыпты емес. Жаңа команда, жаңа бапкер бұл. Керісінше жаз-күз айларында оларда чемпионат аяқталған кезде біздің командалар қалпында болады. Ойыншылар формада болады. Біз оларға айтқанымызды жасата аламыз. Ал біз еуропалық жүйеге өтейік десек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, спорт нысандарын тезірек салып бітіруіміз тиіс. Ол - бірте-бірте келе жатқан дүние. Сондай-ақ жабық кешенді бес-алты аймақта сала алсақ, біз де еуропалық жүйеге өте аламыз. Әзірге оған біздің климат, географиялық орналасу аймағымыз сай келмей тұр. Асхат Шымкентке барады. Жергілікті атқарушы органмен, әкіммен сөйлеседі. Сол жақта өзінің агентімен сөйлеседі. Бәрін дұрыс шешеді деп ойлаймын, - деді ол. 


Асхат Тағыберген бұрынғы клубына оралды

Футбол 2 сағат бұрын

Асхат Тағыберген бұрынғы клубына оралды

Азия чемпионаты: Ризабек Айтмұхан финалда белдеседі

Күрес 3 сағат бұрын

Азия чемпионаты: Ризабек Айтмұхан финалда белдеседі

Азия чемпионаты: Рахат Қалжан қола жүлде үшін күреседі

Күрес 3 сағат бұрын

Азия чемпионаты: Рахат Қалжан қола жүлде үшін күреседі

Азия чемпионаты: Ризабек Айтмұхан түрікменстандық балуанды қарсылас көрмеді

Күрес 3 сағат бұрын

Азия чемпионаты: Ризабек Айтмұхан түрікменстандық балуанды қарсылас көрмеді

Азия чемпионаты: Нұрсұлтан Садық ширек финалға жолдама алды

Күрес 4 сағат бұрын

Азия чемпионаты: Нұрсұлтан Садық ширек финалға жолдама алды

Азия чемпионаты: Начын Куулар іріктеуден әрі аса алмады

Күрес 5 сағат бұрын

Азия чемпионаты: Начын Куулар іріктеуден әрі аса алмады