3 күн бұрын
«Атырау» футбол клубы басшылығында ауыс-түйіс болды

Фото: «Атырау» футбол клубы
«Атырау» ОФК» ЖШС сенімгерлік басқармасында құрылтайшылар болған Жасын Хадербайұлы Хабибуллин мен Сержан Манасұлы Манасов өз орнын босатты.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Олардың қызметіне Темірхан Бауыржанұлы Сәрсенғалиев пен Дияс Сайлауұлы Елеусенов тағайындалды.
Сондай-ақ клуб директоры Жандос Сабырұлы Бектемір мен бас менеджер Манарбек Шайдуллаұлы Ержанов өз еркімен лауазымдарынан кетті.
