3 күн бұрын
Белгілі футболшыларды тәрбиелеп шығарған қызылордалық бапкер өмірден өтті

Қызылордалық белгілі футбол бапкері Сәрсенбек Қиятбаев дүниеден өтті.
Бұл жөнінде «Қайсар» командасының баспасөз қызметі мәлім етті.
- Сыр футболының дамуына өлшеусіз үлес қосқан белгілі аладоп жаттықтырушысы Қиятбаев Сәрсенбек Дүйсенбекұлы мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты марқұмның отбасымен, жақындарына “Қайсар” футбол клубы қайғыра көңіл айтады. Сәрсенбек Дүйсенбекұлы ұзақ жылдар “Қайсар” футбол клубының құрылымында түрлі қызмет атқарды. Шәкірт тәрбиелеу жолында еселі еңбек етті. Белгілі жаттықтырушыдан тәлім алған футболшылар “Қайсардың” негізгі құрамында доп теуіп, Қазақстан ұлттық құрамасының намысын қорғады, - деп жазылған хабарламада.
Сәрсенбек Қиятбаев тәрбиелеген шәкірттері арасында Мақсат Байжанов, Асхат Тағыберген, Думан Нәрзілдаев сынды футболшылар бар.
