3 күн бұрын
Футбол: Клубтық әлем чемпионатының қатысушылары қанша сыйақы алады?

ФИФА 2025 жылы алғаш рет өтетін Клубтық әлем чемпионатының жүлде қорын жариялады.
Турнир жеңімпазының 125 миллион доллар табыс табуға мүмкіндігі бар, бұл шамамен 63 миллиард теңгеге тең.
Жарыстың жалпы жүлде қоры – 1 миллиард доллар.
32 командаға бөлінетін жалпы жүлде қоры – 1 миллиард доллар.
525 миллион доллар клубтарға тек қатысқаны үшін беріледі:
- Еуропа өкілдері – 12,81 миллионнан 38,19 миллион долларға дейін (рейтингіне байланысты)
- Оңтүстік Америка өкілдері – 15,21 миллион доллар
- Азия, Африка және КОНКАКАФ аймағы – 9,55 миллион доллар
- Мұхит аймағы – 3,58 миллион доллар.
Қалған 475 миллион доллар нәтижелер бойынша бөлінеді:
• 2 миллион доллар – топтық кезеңдегі әр жеңіс үшін
• 1 миллион доллар – топтық кезеңдегі әр тең ойын үшін
• 7,5 миллион доллар – 1/8 финалға шыққаны үшін
• 13,125 миллион доллар – 1/4 финалға шыққаны үшін
• 21 миллион доллар – жартылай финалға шыққаны үшін
• 30 миллион доллар – финалға шыққаны үшін
• 40 миллион доллар – турнир жеңімпазы үшін
Осылайша, чемпион бір айда 150 миллион долларға дейін табыс таба алады, бұл Чемпиондар лигасындағы тоғыз айлық табыстан да көп.
Турнирден 250 миллион доллар табыс түседі деген болжам бар және бұл қаражат әлемдегі клубтық футболды қолдауға жұмсалады.
2025 жылғы Клубтық әлем чемпионаты алғаш рет алты құрлықтық конфедерациялардағы 32 команданың қатысуымен өтеді.
Турнир АҚШ-та 15 маусым мен 13 шілде аралығында өтеді. Желтоқсанда өткен жеребе нәтижесінде әрқайсысында төрт командадан тұратын сегіз топ құрылды.
