3 күн бұрын
Станислав Черчесов Қазақстан құрамасын жеңісімен қазақша құттықтады

Фото: Қазақстан футбол федерациясы
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бапкері Станислав Черчесов ел құрамасын Лихтенштейнге қарсы жеңісімен (2:0) құттықтады.
Бұл туралы ол әлеуметтік желісіндегі парақшсында қазақша жазба жариялады.
— Қазақстан ұлттық құрамасының жеңісі құтты болсын! Бұл жеңіс көпшілік күткендей болса да, оның құндылығы ешбір кемімейді, кәсіби футболдың әлемінде алдын-ала белгіленген нәтиже деген болмайды. Бұл жетістік жас құраманың қалыптасу жолында маңызды қадам болып, ойыншылардың бойына сенімділік ұялатады деп сенемін. Жалынды жанкүйерлер өз алаңымызда өтетін келесі матчтарда команданы жігерлендіре қолдайтынына күмәнім жоқ! 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің қалған ойындарында құрамамызға сәттілік серік болсын,— деді Станислав Черчесов.
Еске салсақ, ресейлік маман ұлттық құраманың тізгінін өткен жылдың маусым айында ұстап, қаңтар айында жұмысынан босатылған еді.
