4 күн бұрын
Азия чемпионаты: Әйелдер күресінен Светлана Анкичева жартылай финалға шықты

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер күресінен қазақстандық Светлана Анкичева (50 келі) жартылай финалға шықты.
Ширек финалда ол Қытайлық Тайпей спортшысы Ю Линді тізе бүктірді.
Ал ел құрамасынан ширек финалда Зүлфия Яхьярова (55 келі), Гүлдана Бекеш (59 келі), Ирина Казюлина (68 келі), Эльмира Сыздыкова (до 76 кг) қарсыластарына есе жіберіп қойды.
Егер қарсыластары финалға өтсе, қазақстандық балуандар жұбаныш белдесуіне күресуге мүмкіндік алады.
Былтыр Бішкекте өткен құрлықтық додада еліміздің әйелдер құрамасы 4 қола алды. Олардың қатарында Лаура Алмағанбетова, Диана Каюмова, Анастасия Панасович, Эльмира Сыздықова бар.
