3 күн бұрын
ФИФА Қазақстанның жеңісін елеусіз қалдырмады

ФИФА ресми сайты 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан мен Лихтенштейн арасындағы матчтың (2:0) қорытындысын жариялады.
«Қазақстан іріктеудегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді – Вадуц қаласында өткен ойында бірінші таймның соңында соғылған қос голдың арқасында Лихтенштейнді жеңді.
Қазақстан ұпай санын үшке жеткізсе, Лихтенштейн әлі де алғашқы ұпайын алу үшін күресіп жатыр.
Максим Самородов үзіліске аз уақыт қалғанда Марат Быстровтың асырған добын баспен дәл бағыттап, есеп ашты. Араға бірнеше минут салып, қонақтар үзіліс ысқырығы шалынар сәтте тағы бір гол соқты: Александр Марочкин Максим Самородовтың орындаған стандартына дәл соққы жасады.
Қазақстан есепті ұлғайта алмаса да, матч соңына дейін алаң иелеріне мүмкіндік бермей, жеңісті сақтап қалды», – деп жазады ФИФА сайты.
