4 күн бұрын

АЧ: Бүгін әйелдер күресінен қазақстандық бес балуан сайысқа түседі

АЧ: Бүгін әйелдер күресінен қазақстандық бес балуан сайысқа түседі

Фото: Olympic.kz

Иордания астанасы Амман қаласында Азия чемпионатында бүгін әйелдер күресінен қазақстандық үш спортшы сайысқа түседі.

Ел құрамасынан тәжірибелі балуан Жәмила Бақбергенова бозкілемге шығады. Ол қазірге дейін құрлықтық додада алты мәрте жүлдеге ілікті. 2020, 2022, 2023 жылдарда жеңіс тұғырына көтерілсе, 2021 жылы күміс, 2019 жылы қола жүлдегер атанды.

Биыл алғашқы белдесуінде Жәмила Оңтүстік Корея өкілі Сехи Киммен шеберлік байқасады.

Сондай-ақ ел құрамасынан Зейнеп Баянова (53 келі) Оңтүстік Кореядан келген Сон Ён Парк, Нилуфар Раимова (57 келі) үндістандық Неха Шарма, Тыныс Дүбек (62 келі) үндістандық Маниша, Гауһар Мұқатай (65 келі) вьетнамдық Дю Тон Лаимен күш сынасады.

Айта кетсек, әйелдер күресінен алғашқы жарыс күнінде қазақстандық балуандар жүлдеге қол жеткізе алмады.  

Ел құрамасынан Светлана Анкичева (50 келі), Гүлдана Бекеш (59 келі), Ирина Казюлина (68 келі) қола үшін белдесуіне қарсыластарына есе жіберіп, жүлдеден тыс қалып қойды.

Ал Зүлфия Яхьярова (55 келі) мен Эльмира Сыздықова (76 келі) жарысты ертерек аяқтады. 

Назым Қызайбай: Тұрмысқа шыққаннан кейін боксты тастаймын

Бокс 1 сағат бұрын

Назым Қызайбай: Тұрмысқа шыққаннан кейін боксты тастаймын

Әлем кубогы: Алғашқы жарыс күнінде бір қазақстандық боксшы сынға түседі

Бокс 2 сағат бұрын

Әлем кубогы: Алғашқы жарыс күнінде бір қазақстандық боксшы сынға түседі

Әлем кубогы: Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлделер түсті

Бокс 3 сағат бұрын

Әлем кубогы: Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлделер түсті

ҚФФ бас хатшысы Саян Хамитжанов қызметінен кетті

Футбол 3 сағат бұрын

ҚФФ бас хатшысы Саян Хамитжанов қызметінен кетті

Он спортшы – нөл жүлде: Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Әлем кубогында сәтсіздікке ұшырады

Басқа 3 сағат бұрын

Он спортшы – нөл жүлде: Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Әлем кубогында сәтсіздікке ұшырады

«Тараз» легионерлер алдындағы берешегінен құтылды

Футбол 4 сағат бұрын

«Тараз» легионерлер алдындағы берешегінен құтылды