3 күн бұрын
«Қайсар» бас бапкері ойыншыларына ауызашар ұйымдастырып берді

Фото: «Қайсар» ФК
«Қайсар» футбол клубының бас бапкері Виктор Кумыков ойыншыларына ауызашар ұйымдастырып берді.
Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз хатшысы, белгілі спорт журналисі Ермұхамед Мәулен жеке Telegram-арнасында хабарлады.
– «Қайсар» футбол клубының бас бапкері, ресейлік маман Виктор Кумыков көкшетаулық «Оқжетпеспен» ойын алдында команда ойыншыларына ауызашар беріп, ораза ұстаған шәкірттеріне сауапты іс жасапты. Діни ұстанымы басқа болса да Виктор Балютұлы Қасиетті Рамазан айында құрбандыққа қой шалып, клуб ұжымына ас бергені қазақ халқының діни ұстанымына деген құрметі шығар. Амал-ниетіңіз қабыл болсын Виктор Болютұлы,– деді Ермұхамед Мәулен.
Айта кетейік, қызылордалық «Қайсар» ертең, 29 наурызда ҚПЛ 3-туры аясында өз алаңында көкшетаулық «Оқжетпесті» қабылдайды.
