3 күн бұрын
Асхат Тағыберген «Қайсар» командасына келмейді

Фото: «Ордабасы» ФК
Қазақстандық футболшы Асхат Тағыберген «Қайсар» командасына ауысуы мүмкін деген ақпаратты қызылордалық клуб жоққа шығарды.
Команданың баспасөз маманы Ерасыл Шәрібек футболшымен ешқандай келіссөз жүргізілмегенін жеткізді. Сондықтан оның өзінің төл клубына қосыла қоюы екіталай.
Бүгін қазақстандық ақпарат құралдарында Асхаттың Шымкенттің «Ордабасы» клубы сапынан кеткені туралы ақпарат тарады. Оған қостанайлық «Тобыл», түркістандық «Тұран» және қызылордалық «Қайсар» тарапынан қызығушылық бар екені жазылды.
Айта кетсек, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Ордабасы» капитаны Асхат Тағыбергеннің жалақысы 20 млн теңге екенін айтып, ойынына көңілі толмайтынын жеткізген еді. Бұл әлеуметтік желі беттерінде жанкүйерлер тарапынан біраз талқыға түсті.
