3 күн бұрын

«Барселона» эль-класикоға арнайы жейдемен шығады

«Барселона» эль-класикоға арнайы жейдемен шығады

Каталониялық «Барселона» мамыр айында өтетін Эль Класикода ерекше дизайндағы жейдемен алаңға шығуы мүмкін.

Mundo Deportivo мәліметінше, клуб жейдеге әлемдік жұлдыздардың логотипін орналастыру туралы келіссөздер жүргізген, ал фаворит ретінде америкалық әнші Тейлор Свифт қарастырылып отыр.

Бұл бастама «Барселонаның» демеушісі Spotify-мен серіктестігі аясында жүзеге асуда. Бұған дейін клубтың жейдесінде Дрейк пен The Rolling Stones логотиптері пайда болған еді. Сондай-ақ, Эд Ширан мен Трэвис Скоттың да кандидаттар қатарында болғаны хабарланды.

Келісім соңғы кезеңге жетіп, жақын арада ресми түрде жариялануы мүмкін. Егер Тейлор Свифт таңдаулы нұсқа ретінде бекітілсе, оның логотипі «Барселонаның» әйгілі көк-жасыл жейдесінде көрініс табады.

Райан ТҰРСЫНБЕК

Әлем кубогы: Нұрсұлтан Алтынбек жарыс жолын жеңіспен бастады

Бокс 12 минут бұрын

Әлем кубогы: Нұрсұлтан Алтынбек жарыс жолын жеңіспен бастады

Нұралы Әліп: Ресей чемпионатын көрмеймін

Футбол 9 сағат бұрын

Нұралы Әліп: Ресей чемпионатын көрмеймін

Томасовтың хет-тригі, «Ордабасының» құлдырауы: Ел чемпионатының 3-туры қалай өтті?

Футбол 9 сағат бұрын

Томасовтың хет-тригі, «Ордабасының» құлдырауы: Ел чемпионатының 3-туры қалай өтті?

Назым Қызайбай: Тұрмысқа шыққаннан кейін боксты тастаймын

Бокс 12 сағат бұрын

Назым Қызайбай: Тұрмысқа шыққаннан кейін боксты тастаймын

Әлем кубогы: Алғашқы жарыс күнінде бір қазақстандық боксшы сынға түседі

Бокс 13 сағат бұрын

Әлем кубогы: Алғашқы жарыс күнінде бір қазақстандық боксшы сынға түседі

Әлем кубогы: Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлделер түсті

Бокс 13 сағат бұрын

Әлем кубогы: Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлделер түсті