2 күн бұрын
Асхат Тағыберген бұрынғы клубына оралды

Фото: Transfermarkt
Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыберген «Тобыл» сапына ауысты.
Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Қостанайлық ұжым Асхат үшін таңсық емес. 34 жастағы жартылай қорғаушы бұл клубтың жейдесінде 2017 және 2021-2022 жылдары доп тепті. Осы уақыт ішінде ол 76 матчта 16 гол соғып, Қазақстан Премьер-лигасы мен Суперкубогын жеңіп алды.
Еске салсақ, бүгін Асхат Тағыберген қос тараптың шешімі бойынша «Ордабасы» клубымен келісімшартты бұзған болатын.
