2 күн бұрын
Абат Айымбетов Қазақстан Премьер-лигасына оралуы мүмкін

Фото: «Аданадемирспор» ФК
Қазақстан құрамасы мен түркиялық «Аданадемирспор» клубының шабуылшысы Абат Айымбетов ҚПЛ клубына ауысуы мүмкін.
Vesti.kz тілшісінің хабарлауынша, Абат қазіргі таңда «Астана» клубының қосынында жүр. Ол ұлттық құрама матчтарынан бері командамен бірге. Дереккөздің ақпаратына сәйкес, 29 жасар форвард жақында елордалық клубпен келісімшартқа отырады.
Абат Айымбетов осыған дейін «Астана» сапында 2021-2023 жылдар аралығында доп тепкен. Осы уақытта ол 91 матчқа қатысып, 29 голдың авторы атанды.
Айта кетейік, отандасымыздың қазіргі клубы «Аданадемирспор» Түркия суперлигасында -2 ұпаймен соңғы орында келеді. Енді біріншіліктің қалған матчтарының бәрін жеңсе де, аданалық клуб турнир кестесіндегі қауіпті аймақтан шыға алмайды.
