2 күн бұрын
Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы өз өкінішін айтты

«Елимай» және Қазақстан құрамасының шабуылшысы Иван Свиридов Молдованың «Шериф» клубына ауысуы мүмкін еді. Бұл туралы ойыншы «Футбол Плюс» бағдарламасында айтты.
«Менің арманым бар — әр матчты лық толы стадионда өткізіп, нағыз футболшы екенімді сезіну. Семейде стадион әрқашан толы, жанкүйерлердің қолдауы керемет, алаңға шыққанда өзіңді футболшы ретінде сезінесің, сені таниды. Маған Еуропадан ұсыныстар болды, бірақ клубтар арасында келісімге келу мүмкін болмады. Қайда? 2023 жылы мен „Шахтерде“ жүрген кезде „Шерифтен“ ұсыныс түскен еді», — деді шабуылшы.
