2 күн бұрын
Максим Самородов «Ахматтың» сенсация жасауына көмектесті

Ресей Премьер-Лигасының 22-тур матчында грозныйлық «Ахмат» өз алаңында мәскеулік «Спартакпен» тең ойнады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Турнирлік кестенің қарама-қарсы бөліктерінде тұрған командалардың кездесуі Грозныйдағы «Ахмат Арена» стадионында өтіп, күтпеген нәтижемен — 0:0 есебімен аяқталды. Қазақстандық шабуылшы Максим Самородов «Ахмат» сапында негізгі құрамда алаңға шығып, толық өткізді.
«Ахмат» 19 ұпаймен 16 команданың ішінде 14-орында тұр. Грозныйлықтар ресми матчтардағы жеңіліссіз сериясын жеті ойынға жеткізді. Ал «Спартак» 44 ұпаймен екінші орында келеді. Олар көшбасшы «Краснодардан» бес ұпайға қалып қойды.
