2 күн бұрын
Шай ішіп отыр едім: Нұралы Әліп ойынға дайын болмағанын айтты

Санкт-Петербургтің «Зенит» және Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп «Матч ТВ» эфирінде Ресей Премьер-Лигасының 22-турындағы «Рубинмен» өткен ойында бірінші таймда алаңға шығуға дайын болмағанын айтты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жексенбі күні «Зенит» өз алаңында «Рубинді» 4:0 есебімен жеңді. Әліп 14-минутта басынан жарақат алған қорғаушы Ниноны алмастырды.
— Шұғыл түрде алаңға шығу қандай сезім қалдырды?
— Шынымды айтсам, дайын болмадым. Дима Чистяковпен бірге шай ішіп, вафли жеп отырғанбыз. Кенеттен: «Дайындал, алаңға шығасың» деді. Бірден ойынға кіру қиын болды. Алдымен тыныстап, сәл жүгіріп алу керек еді. Бастысы – жеңіске жетіп, гол жібермедік.
Бірінші таймда сәл асығыстық танытып, тезірек гол соғуға тырыстық. Өкінішке қарай, бұл ойымыз жүзеге аспады. Ал екінші таймда бірінші болып гол соқтық. Ары қарай бәрін өздеріңіз көрдіңіздер, – деді Әліп.
