2 күн бұрын
Mastercard – Freedom QJ League 2025 жылғы маусымда серіктестікті жалғастырады

Өткен маусымнан бастап лига мен әлемдегі ең ірі трансұлттық қаржы корпорациясы өзара серіктестікті бастаған еді.
Аталуан уақытта көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. Онда тек ойын-сауық баағдарламалары қамтылған жоқ. Оған қоса әлеуметтік бағыттағы бірқатар ортақ шаралар жүзеге асты. Олардың қатарында Павлодарда қыз балаларға арналған алғашқы футбол фестивалі бар.
Бұл шара Freedom QJ League W турнирінің басталуына пролог іспеттес болды. Енді тараптар серіктестік келісімді ұзартуға келісті.
