2 күн бұрын
Қазақстандық төрешілер Ұлттар лигасының матчында қазылық етеді

Фото: Matteo Ciambelli / Getty Images
Қазақстандық төрешілер тобы әйелдер арасындағы УЕФА Ұлттар лигасының ойынына қызметке тағайындалды.
Грузия W мен Мальта W арасындағы негізгі кезең аясында өтетін ойында Эльвира Нұрмустафина бас төреші қызметін атқарады. Матч кезінде оған қос қапталдағы лайнсмен ретінде Наргис Мағау мен Динара Ыдырысова көмектеседі. Ал қосымша төреші міндетін Татьяна Сорокопудова орындайды.
Аталған кездесу 4 сәуір күні Грузия астанасы Тбилисиде орналасқан Михаил Месхи атындағы стадионда өтеді.
