2 күн бұрын
20 миллионның жыры: Асхат Тағыбергеннің «Тобылдағы» жалақысы белгілі болды

Фото: «Тобыл» ФК
Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыбергеннің «Тобыл» сапындағы жалақысы жайлы ақпарат тарады.
Vesti.kz мәліметінше, Тағыберген қостанайлық клубқа ауысу үшін айлығын едәуір қысқартуға келіскен. Дереккөзге сүйенсек, 34 жастағы жартылай қорғаушы «Тобылда» «Ордабасыдағы» табысынан 2-3 есе төмен жалақы алады. Яғни, оның айлық еңбекақысы шамамен 6-7 миллион теңге көлемінде болуы мүмкін.
Бұған дейін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жанкүйерлермен кездесу барысында Асхат Тағыбергеннің айлық жалақысы 20 миллион теңге екенін ашық айтқан болатын.
Айта кетейік, Асхат Тағыберген кеше араға үш жыл салып ҚПЛ 3-туры аясындағы «Елімайға» (1:1) қарсы ойында «Тобыл» жейдесінде алаңға шықты.
