2 күн бұрын
Freedom QJ League қатарына үш жаңа команда қосылады

Бұл деректер Freedom QJ League-тің үшінші маусымының басталуына арналған баспасөз мәслихатында мәлім болды.
Freedom QJ League қатарына үш жаңа команда қосылады: «ҚФФ U-16», «Хан-Тенгри» және «Жеңіс». 2025 маусымында барлығы 18 өңірден 54 командадан 1620 жас ойыншы бақ сынайды. Жалпы 542 матч өткізу жоспарлануда.
Сонымен қатар, Лига бапкерлер мен басқа да мамандарға арналған бірнеше оқыту семинарларын өткізіп, аймақтарда мыңнан астам баланы қамтыған футбол фестивальдарын ұйымдастырды.
2024 жылдың қыркүйегінде жаттығу үдерісін оңтайландыруға арналған FF Manager атты өздерінің цифрлық көпфункционалды платформасын іске қосты. Кейін бұл жоба Tagline Awards атты беделді халықаралық digital сыйлығының 11 номинациясы бойынша марапаттарға ие болды.
Лига өз аясын кеңейтіп жатыр: жаңа маусымда 16 жасқа дейінгі ұлдар арасында жарыстар өтеді. Сонымен қатар, алғаш рет қыздар арасында да турнир ұйымдастырылады – 17 жасқа дейінгі сегіз команда қатысады.
