2 күн бұрын
«Тараз» легионерлер алдындағы берешегінен құтылды

Фото: «Тараз» футбол клубы
«Тараз» футбол клубының легионер ойыншылар алдындағы жинақталған қарызы толық өтелді.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
- «Тараз» футбол клубының легионер ойыншылар алдындағы жинақталған қарызы толық өтелді.
Ресми түрде ФИФА тарапынан салынған трансферлік тыйым алынды, - деп жазылған хабарламада.
«Тараз» футбол клубы қаржылық себептерге байланысты 2023 жылдан бері бірінші лигада ойын көрсетіп келеді. Командада қазір негізінен жергілікті футбол түлектері ойнайды.
Команда 1996 жылы ел чемпионы атанса, 1997 жылы екінші орынға тұрақтады.
