2 күн бұрын
ҚФФ бас хатшысы Саян Хамитжанов қызметінен кетті

Фото: Қазақстан футбол федерациясы
ҚФФ Бас хатшысы қызметін атқарған Саян Хамитжанов жаңа жұмыс орнына ауысуына байланысты лауазымын босатты.
Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы мәлімдеді.
Саян Жақсыгелдіұлы бұған дейін Қазақстан футбол федерациясында бірқатар басшылық қызметтер атқарған: 2008-2012 жылдары бас хатшы, ал 2012-2014 жылдары Федерацияның вице-президенті болды. 2024 жылдың соңында Атқару комитетінің шешімімен Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы болып қайта тағайындалды.
Қазақстан футбол федерациясы Саян Жақсыгелдіұлына атқарған еңбегі үшін алғыс айтып, жаңа қызмет орнында сәттілік тіледі.
