2 күн бұрын
Томасовтың хет-тригі, «Ордабасының» құлдырауы: Ел чемпионатының 3-туры қалай өтті?

Футболдан үш апталық үзілістен кейін Қазақстанның чемпионаты қайта жалғасты.
Қандай жайттар тіркелді?
- 7 матчта 18 гол соғылды;
- 36 сары қағаз көрсетіліп, 3 ойыншы алаңнан қуылды;
- 3-тур ойындарын 29 822 адам стадионнан тамашалады;
- Ең көп 8 922 жанкүйер «Астана» - «Жетісу» ойынын көрді;
- «Астана» 3 турда қарсылас қақпасына 61 соққы жасады;
- «Ордабасы» 31 соққы жасаса да, әзірге гол соқпай, турнир кестесінде соңғы орында келеді;
- «Қайсар» - «Оқжетпес» матчында негізгі құрамнан 21 отандық футболшы алаңға шықты. Ал «Тұран» - «Қайрат» кездесуінде тек 3 отандық футболшыға негізгі құрамнан орын табылды;
- 3-турда 213 футболшы алаңға шықты. Олардың арасынан 114 отандық футболшы (негізгі құрамда 65 ойыншы, қосалқы құрамнан 48 ойыншы) доп тепті;
- 6 футболшы Премьер-лигада дебют жасады;
- «Ұлытау», «Қайсар», «Жеңіс» клубтары маусымдағы бірінші голдарын соқты;
- Марин Томасов Қазақстан чемпионатында 87-голын салды. Енді 10 гол соқса, ел тарихындағы ТОП-10 сұрмергеннің қатарына кіреді.
Қай мемлекеттің өкілдері гол соқты?
Қазақстан - 4, Хорватия - 3 (Марин Томасов хет-трик жасады), Сербия - 2, Грузия - 1, Беларусь - 2, Португалия - 1, Нигерия - 1, Молдова - 1, Солтүстік Македония - 1, Румыния - 1, Автогол - 1.
Матч нәтижелері:
«Қайсар» – «Оқжетпес» – 2:2
«Тұран» – «Қайрат» – 1:2
«Атырау» – «Ақтөбе» – 0:4
«Астана» – «Жетісу» – 3:0
«Ұлытау» – «Жеңіс» – 1:1
«Ордабасы» – «Қызылжар» – 0:0
«Тобыл» – «Елімай» – 1:1
