1 күн бұрын
Нұралы Әліп: Ресей чемпионатын көрмеймін

Қазақстан ұлттық құрамасы және «Зенит» клубының қорғаушысы Нұралы Әліп Ресей Премьер-Лигасының биылғы маусымының соңғы кезеңі туралы пікір білдірді:
- «Мен тіпті "Спартактың" "Ахматпен" тең ойнағанын білмедім. Қарсыластардың матчтарын көп бақылай бермеймін. Жалпы, Ресей чемпионатын көрмеймін. Тек ойыннан кейін нәтижелерін білемін. Бізге өз ойындарымызда жеңіске жету керек және басқа командаларға қарамау қажет. Өткен жылы Воронежде ұпай жоғалтқанымызда, басқа командалардың қателесуін күткеніміз қиын болды. Осындай жағдай қайталанбауы үшін, өз матчтарымызда жеңіске жетуіміз қажет. Бізді алда сегіз финал күтіп тұр», — деді Әліп «Чемпионат»сайтына берген сұхбатында.
